"CNPC-Ақтөбемұнайгазға" қоршаған ортаны ластағаны үшін 1,7 млн теңге айыппұл салынды

Ол, маусымның аяғында Покровка - Жаңажол тасжолының бойында, Темір ауданының Қаратоғай ауылының маңында "CNPC-Ақтөбемұнайгаз" АҚ тиесілі автоцистерна аударылып қалғандығын, одан 30 тоннадан астам тұз қышқылы төгілгендігін еске сала кетті. Сөйтіп, "заң талаптары бұзылып, қоршаған орта ластанды", деп атап өтті прокуратурадағылар.

Прокурордың көмекшісі, "заң бойынша өнеркәсіп, энергетика нысандары, байланыс, транспорт, ауылшаруашылығы және және мелиорация нысандары белгіленген экологиялық талаптарды ескере отырып, экологиялық негізделген технологияны қолдана отырып пайдаланылуғатииіс" екенін түсіндіріп өтті. "Көрсетілген нысандарды пайдалану барысында экологиялық қауіпсіздікті қамсыздандыратын, қалдықты аз шығаратын және де қалдық шығармайтын технологиялар енгізілуге тиіс",- деп қосты ол.

Осыған байланысты Ақтөбе табиғат қорғау прокуратурасы мұнай компаниясының басшылығының үстінен Қазақстан Республикасының Әкімшілік заң бұзу кодексінің 240-бабы бойынша әкімшілік іс қозғаған. "Сондай-ақ қоршаған ортаға әкелінген шығынның орнын толтыру шарасы қолға алынған",- деп атап өтті прокуратурадағылар.