Ғ.Жалдыбаеваның айтуынша, компания басшылығы акционерлік қоғамда ұзақ уақыт бойы еңбек еткен соғыс және еңбек ардагерлеріне тұрақты қолғабыс жасап, оларға арналған мерекелік шараларды өткізуге ұдайы қаржы бөліп келеді. Бұл міндеттемені , Ғ.Жалдыбаеваның айтуына қарағанда, "CNPS-Ақтөбемұнайгаз" ААҚ жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісім-шартының сыртында, қосымша міндеттеме ретінде жүктеп алған. Бұл жерде әңгіме 2003-2005-жылдар аралығында облыстың әлеуметтік саласына 10 млн. доллар арнау жөніндегі меморандум туралы болып отыр. 1 млн. 310 мың теңге көлеміндегі қаржы аталмыш меморандум аясында бөлінді дейді Ғ.Жалдыбаева.
1991-жылдан бері БҰҰ-ның шешімімен 1-қазан халықаралық қарттар күні ретінде атап өтілуде.