«Coca-Cola Былғары доп-2011» футбол турнирінің 6-маусымы Еуропаның дәстүрлі «Күз-Көктем» нұсқасы бойынша өтеді

«Coca-Cola Былғары доп» футбол мейрамы қазақстандық оқушылар өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. 2006 жылдан бері ол еліміздің балалары арасында өткізілетін ең ірі футбол жарысы болып табылады. Осы уақыт аралығында турнир бірталай жетістіктерге жетті. Егер бұрындары жарыстарға Қазақстанның тек ірі қалаларының оқушылары ғана қатысса, енді республикалық жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен жиналып қатысатын балалар саны күннен күнге артуда. Өткен маусымда жарысқа бүкіл Қазақстанның, атап айтқанда Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Алматы, Ақмола, Қарағанды, Жамбыл, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Атырау, Қызылорда облыстары және Астана мен Алматы қалаларының 5 000 мектептерінен 350 000 оқушы қатысты. Өткен жылдарға қарағанда, турнирдің демеушісі «Кока-Кола» компаниясы 2010 жылғы маусымнан бастап, барлық жас санаттары бойынша финалдық ойындар кезінде қатысушыларды тегін тамақтандырып, тұратын жермен қамтамасыз етеді.

2011-2012 маусымы «Coca-Cola Былғары Доп» дамуында жаңа белес болары анық. Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына орай, қазақстандық спорттың халықаралық сахнада артып келе жатқан даңқын ескере отырып, турнирді Еуропалық «Күз-Көктем» стандарты бойынша өткізу шешімі қабылданды. Турнирдің бірінші - топтық бөлімінде жарыстың топтық кезеңі өткізіледі, іріктеу турының жеңімпаздары бірі бірімен келесі жылдың көктемінде плей-офф кезеңінде кездесетін болады. Ұйымдастырушылар мамыр айына қарай барлық жас санаттары - кіші (2000-2001 жж. туғандар), орта (1998-1999 жж. туғандар) және жоғары (1996-1997 жж. туғандар) жастық топтардың финалдық кездесулерін өткізуді жоспарлап отыр.

Жеңімпаз атағы мен беделінен басқа, жоғары жастaғы топтағы чемпион командаға 2012 жылы ең әйгілі европалық футбол алаңдарының біріне бару сияқты қосымша сыйлық ұсынылады. Бұл 30-дан артық елдердің командалары қатысатын және биылдан бері қазақстандық «Coca-Cola Былғары Доп» футбол турнирін құрамына біріктірген халықаралық Copa Coca-Cola (Копа Кока-Кола) балалар-жасөспірімдер турнирінің арқасында мүмкін болып отыр.

«Coca-Cola Былғары Доп» турнирі қазіргі таңда мыңдаған қазақстандық ұлдар үшін үлкен спорт әлеміне апарар тура жол болып табылады, - деп атап өтті Қазақстанның футбол федерациясының бас хатшысы Саян Хамитжанов. - Осындай ойлардың және балалардың атақты, күшті, өзіне сенімді азамат болу армандары іске асырылып жатқаны бізді аса қуантады. Бұл - Қазақстан спортының болашағы, қазірдің өзінде «Coca-Cola Былғары Доп» ойындарына қарап отырып, біз қазақстандық спорт пен Қазақстан қоғамының болашақ көшбасшыларын көре аламыз».