"Қазақстан арқылы, мысалы Қытайға транзиттік құбырлар тарту жөнінде жоспарлар жасалып, келіссөздер жүргізіліп жатқан қазіргі кезде біздің компания осы құбырлар халқы үздіксіз өсіп келе жатқан аудандарға және елдің өнеркәсіп орталықтарына жақын жерден өтетіндіктен, біздің компания бір немесе бірнеше жаңа электр станциясын құбыр трассасын бойлай салу мәселесін қарастыруды ұсынады", - деді Р. Лэнс.
"Бұл электр қуатын өндіруге қажетті газды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді", -деді ол.
"Ал егер Қазақстанда қазір бар инфрақұрылымды алатын болсақ, электр қуатын өндіретін өндірістерді республикадағы үш мұнай өңдеу зауытының жанында салып, оны әріқарай мемлекеттік энергетикалық жүйеге жеткізу жайлы ойластыруға болады", -деді ConocoPhillips өкілі.
Оның пайымдауынша, мұндай амал біруақытта "қосымша энергия өндірістерін салуға тиімді мүмкіндіктер беріп, аталған мұнай өңдеу зауыттарының сенімділігі мен тұрақтылығын ұзақ мерзімге қамтамасыз етеді".