Cоншама атақты ақын болсам да, соңғы 25 жылда шыққан кітаптарым үшін бір теңге алмаппын - Олжас Сүлейменов


Қазір төл әдебиетті дамытуға бағытталған жаңа заң жобасын депутаттар мен мәдениет майталмандары талқылап жатыр. Су жаңа құжат сарапшылардың сүзгісінен кейін парламентке жолданады. Ал "Егемен Қазақстан" газеті ақын Олжас Сүлейменовтің осы талқылау барысында айтқан сөзін келтіріпті. Онда көрнекті қаламгер соңғы 25 жылда шығармалары үшін көк тиын да қаламақы алмағанын мәлімдеген.

«Мен әлгінде бейнесюжеттен Олжас Қа­с­ым атты жас ақынның сөзін тыңдадым. Жас Олжас, жаңа заманның, тәуелсіз әде­биет­тің Олжасы деуге әбден болады! Сол Олжасқа қарап отырып ұялдым… Біз жаңа буынға ештеңе қалдырмадық. Енді ештеңе бере алмай отырмыз. Жас Олжастың кітабы 2000 данамен шығыпты. 5 баспа табақ өлеңдері үшін 25 000 теңге қаламақы алыпты. Тұтас тираждан өзіне 1 дана ғана кітап беріліпті. Қалғанын ақшаңды бересің де, сатып аласың. Осы лайық па? Жас әдебиеттің өкілі осыны көруі керек пе? Мемлекеттің қамқорлығын сезінбеген өнер – өгей бала сияқты өмір сүреді. Мен өзім соншама атақты ақын болсам да, соңғы 25 жылда шыққан кітаптарым үшін 1 теңге қа­лам­ақы алмаппын. Сол арқылы мемлекет менің кәсіби шығармашылығымның лайық­­ты бағасын бермеген сияқты болып шығады. Ия, маған басқа қызметім үшін ақша төлейді және аз емес. Бірақ, мен ақындық еңбегімнің жемісі – өлең жи­нақтарым үшін лайықты қаламақы ал­ғым келеді», деді Қазақстанның Еңбек Ері, ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов.