COVID-19: Елімізде сырқаттану деңгейі 1,4 есе төмендеді

«Кейінгі екі аптада Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады. Тамыз айымен салыстырғанда сырқаттану деңгейі 1,4 есе төмендеді», - деді Шоранов ОКҚ брифингінде.

Марат Шорановтың сөзінше, соңғы айда коронавирустың таралу индексі республика бойынша 17 пайызға төмендеді. Ал инфекциялық төсек-орындардағы адам саны 56 пайыздан 36 пайызға азайған.