COVID-19: Нұр-Сұлтан қаласы "қызыл" аймақтан шықты

Қазақстан астанасы КВИ-дің таралу деңгейі бойынша "қызыл" аймақтан сытылып шықты, деп хабарлайды Caravan.kz меди порталы  zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Еліміздің аймақтарындағы коронавирусқа байланысты эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды.

Бірнеше күн бойы "қызыл" аймақта болған Нұр-Сұлтан қаласы "сары" аймаққа оралды. Сондай-ақ, "сары" аймақта БҚО, СҚО және Қостанай облысы да бар.

Ақмола және Павлодар облыстары әлі "қызыл" аймақта қалуда.


Қалған өңірлер "жасыл" аймақта болып саналады.