COVID-19: Қазақстанда 12 өңір "қызыл" аймақта

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.

"Сары" аймақта: Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстары.

"Жасыл" аймақта: Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары.


Айта кетейік, 12 шілдедегі жағдай бойынша Нұр-Сұлтанда 978, ал Алматыда 535 адамнан коронавирус анықталған

2021 жылғы 12 шілдеде Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 4 486 677 адам, 2-ші компонентін 2 490 517 адам салдырды.