Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
COVID-19 вирусының белгілерін анықтау үшін жүргізілген зерттеуге 3,9 миллион адам қатысқан. Олардың шамамен 10 пайызы қатты шаршайтынын айтқан. Мұндай сезім 4 аптадан 7 аптаға дейін созылған.
Мамандар адам өзін 6 аптадан асқан жағдайда өзін әлсіз сезінсе, оның ұзақ уақыт шаршау синдромына шалдықты деп есептейді. Синдром вирустық және онкологиялық аурулар кезінде байқалады. Ұзақ уақыт шаршау синдромы 2003 жылы Гонконгта SARS-CoV жұқтырғандардың төрттен бірінде байқалған.
Ғалымдардың пікірінше, ұзақ уақыт шаршауды емдеу кезінде басымдық негізгі ауруға берілуі керек. Алайда вирустық инфекциялардың басым бөлігінде нақты емдеу әдісі жоқ. Осыған байланысты дәрігерлер ұйқы режимін қалыпқа келтіру, дұрыс тамақтану және психоэмоционал жағдайға мән беру керек деп кеңес береді.