CПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Қазақстан құрамасымен бір топта өнер көрсеткен скандинавиялықтар алдына тек Германияны жіберіп алған болатын. Дүние жүзілік мундиальға тікелей жолдама ала алмаған Швеция өткен әлем чемпионатына қатыспаған. Есесіне 2002, 2006-шы жылдары 1/8 финалына дейін жеткен. Бірінші матчты өз жерінде өткізетін португалдықтар бұл жұпта фаворит. Көпшілік бұл бәсекені Криштиану Роналду мен Златан Ибрагимовичтың тартысымен салыстыруда. Португалия мен Швециядан бөлек бүгінгі кеште Украина мен Франция, Исландия мен Хорватия, және Грекия мен Румыния Бразилиядағы чемпионат жолдамасына таласады.

 

Алматы 2022-ші жылы қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге өтініш білдірді.

Алматыдан бөлек ақ ойындарды өткізуге қытайдың-Бейжің, польшаның Краков, украинаның Львов, норвегияның Осло, швецияның Стокгольм сынды қалалары өтініш білдіріпті. Үміткер қалалар Лозаннада 4-6 аралығында өтетін семинарға қатысады. Сондай-ақ Сочи Олимпиадасына бақылаушы ретінде қатысуға міндетті. Келер жылдың шілдесінде Халықаралық Олимпиада Комитетінің өкілдері бұл тізімнен үздік үш қаланы іріктеп алады. Ал 2022-ші жылғы Олимпиада өтетін жер Куала-Лампур қаласындағы семинарда анықталады. Естеріңізге сала кетсек 2014-шы жылғы Олимпиаданы Сочи қабылдаса, 2018-ші жылғы ойынды Кореяның Пхенчан қабалдау құқына ие болған.