Cудьяны сапалақпен ұрған қарағандылық заңгер жазасын толық өтейтін болды

Евгений Танков 2014 жылдың наурыз айында азаматтық іс қаралған сот барысында судья Арай Алшынбековке шыбынұрғыш сілтеген. Кейін ол судьяның өміріне қатер төндірді деген айыппен 3 жылға сотталды. Бірақ Танковтың жазаны шартты мерзімге ауыстыру туралы арызын комиссия құрамына кіретін колония басшылығы қолдамады. Олар адвокаттың абақтыдағы тәртібі жақсы дегендерімен, бостандыққа жіберуді артық деп тапқан. Ал 80 мың доллар пара алып, 8 жылға кесілген Кеден комитетінің экс-төрағасы Серік Баймағамбетов жақында осы Қарағандыдағы түрмеден мерзімінен 6 жыл бұрын бостандыққа шығып еді. Сол кезде дәл осы комиссия мүшелері шенеуніктің арызын бірауыздан қолдаған екен.    

Loading...