Басылымның жазуынша, бұл таңғаларлық оқиға емес, себебі Facebook-тің негізін қалаушы Цукерберг бірнеше ірі БАҚ компанияларымен келісімшарт жасап, миллиардер болып үлгерген.
Сондай-ақ Цукерберг жер шарындағы барлық адамдарды виртуальды өмірде біріктіруді жоспарлап отыр, деп жазады шетелдік БАҚ.
«31 жастағы Марк Цукерберг өзін тек тамаша кәсіпкер ретінде ғана көрестіп қоймай, болашақта ең ірі корпоратив лидері бола алады» , - деп санайды журнал редакторы Грейдон Картер.
Оның ойынша, Цукерберг Гарвард университеті жатақханасының кішкентай ғана бөлмесінде отырып-ақ, өз бизнесін 240 млрд. доллар тұратын ірі компанияға айналдыра алуы оның әлеуметтік желі саласындағы жеткен жетістіктерінің алғашқы қадамы ғана.