Цукерберг бір күнде 6 млрд доллар жоғалтса да, әлемдегі ең бай адамдар рейтингінде өз орнын сақтап қалды

Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Cambridge Analytica компаниясының айналасында болып жатқан даудан кейін Facebook акциялары 8% арзандады. Нәтижесінде Марк Цукербергтің капиталы 6 млрд долларға азайды. Осы фактіге қарамастан, Цукерберг әлемдегі ең бай адамдар рейтингінде өз орнын сақтап қалды.

Қазір оның 68,5 млрд доллары бар. Amazon иесі Джефф Безос, Microsoft негізін салушы Билл Гейтс және Berkshire Hathaway басшысы Уоррен Баффет бұл тізімде алғашқы үштікке кірді.

2016 жылы компания АҚШ президенті Дональд Трамптың штабымен бірге жұмыс істеді. Дәлірек айтсақ, экс-басшы Стивен Беннонмен. Жеке мәліметтердің ұрлануы Трамп кампаниясына технология құрастыруға көмектесті.

Массачусетс штатының прокуратурасы Cambridge Analytica ісіне қатысты тергеу жұмыстарын бастады. Бірнеше жыл бұрын Cambridge Analytica Facebook желісіне тіркелу үшін қажет мәліметтерді пайдаланған. Cambridge Analytica ұсынған қосымшаны 270 мың адам өзінің телефонына орнатқан.

Кейін Cambridge Analytica осы қосымша арқылы алған мәліметтерді жойғанын хабарлады. Алайда артынша компанияның өзінде бар мәліметті толықтай жоймағаны анықталды. Осы мәліметтерді фирма АҚШ президент сайлауына әсер ету үшін пайдаланғаны белгілі болды.


Оқи отырыңыз:

Ақтөбеде көктайғақ кесірінен бірнеше көлік көпірден құлап, аурухана жарақат алғандарға толды

Қостанайда бала күтушінің 14 жастағы мүгедек қызды ұрып-соққаны жасырын камера арқылы белгілі болды

Қанағат Мұстафин: "Әр кино туындымда ұлттық болмысты беруге тырысамын!"