Қазақстан министрінің шетелдік дипломаттармен кездесулері барысында екіжақты қарым-қатынастардың ағымдағы жағдайы мен перспективасы, атап айтқанда, сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтудің жолдары талқыланды.
Қ.Тоқаев сондай-ақ АҚШ елшілігі ғимараты құрылысының негізгі кезеңінің аяқталу рәсіміне қатысты және Әзербайжанның Тәуелсіздік күніне орай салтанатты қабылдауда сөз сөйлеп, қазақстан-әзербайжан қатынастарының дамуындағы оң үрдістерді атап көрсетті.