Caravan Logo

D дәрумені жүрек-қан тамырлары ауруының қаупін азайтады

D дәрумені жүрек-қан тамырлары ауруының қаупін азайтады

D дәруменінің көзі балық пен жұмыртқа. Алайда бұл дәрумен мөлшері тағамға қарағанда,   күннің көзінен көбірек беріледі, деп жазады Zee News.

Зерттеу барысында Маргарет Патшайым Университетінің ғалымдары D дәруменімен қоспа қабылдайтын ересектерде плацебо берілген қатысушыларға қарағанда, зәрінде қан қысымы мен кортизол (күйзеліс гормоны) деңгейінің төмен екенін анықтады. Бұдан басқа, D дәруменін қабылдағаннан кейін,  эксперимент басында небары 5 шақырым ғана жүрген еріктілер велосипедпен 20 минута 6,5 шақырым жүріп өткен.

Жүктемеге қарамастан, D дәріуменін тұтынған топта физикалық қысым белгілері төменірек болған. Зерттеушілер D дәруменінің жетіспеуі инсулинге, сусамырға,  ревматоидті артрит  және обырдың кей түрлеріне  алып келетінін айтады, ал дәруменді тұрақты тұтыну бұл проблемалардың алдын алады.