Д. Медведевтің алғашқы шетелдік сапары Қазақстаннан басталады

"Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен 22-23 мамыр күндері Ресей президенті мемлекеттік сапармен Қазақстанға келеді", - деп атап көрсетті баспасөз қызметі.

Кремльдің баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, "Астанадағы шаралар аяқталғаннан кейін (23-24 мамыр) ҚХР төрағасы Ху Цзиньтаоның шақыртуымен Д. Медведевтің Қытай Халық Республикасына ресми сапары жоспарланған".