Д. Назарбаева: "Білім саласының бүкіл деңгейлерінде сыбайластық жүйелі проблемаға айналды"

"Оны мойындауымыз керек. Осыдан оқушылардың оқуға құлқы жоқ, курс жұмысын жазғанша, оның орнына ақша төлей салғанды жөн көреді", деді ол жұмада "Экономика салалары үшін техникалық және кәсіби, жоғары білім беру жүйесінде кадрларды дайындау келешегі мен сапасы туралы" парламенттік тыңдау барысында.

"Жастар колледждер мен оқу орындарына әдетте білім алу үшін емес, диплом алу үшін барады", деді ол.

Екінші жағынан, деді ол, білім беру саласының жаппай коммерцияландырылуы көптеген мемлекеттік және мемлекеттік емес оқу орындарының білімге пайда табу көзі ретінде қарауына әкеп соқты. Олар коммерциялық жолмен түскендерден жылдам ақша алуға асық. Оқу сапасы , ғылыми зерттеулер жайына қалды, деді ол.

Оның пікірінше, білім беру саласында жүргізілген көптеген реформаларға қарамастан қоғам оның тиімділігін көрмей отыр.