Бұл туралы ол журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”Дүниеде көп деген бүлік болу керек” деп көптеген көріпкелдер айтады. Сол Дәджалдың шығатын заманы қазір келіп қалды. Шығып, дүниенің бәрін бүлдіреді, сол басталады енді. Соның шығатын заманы болып қалды. Сондай белгілер қазір бар. Сол кезде біз Иса пайғамбарды көреміз деп күтіп отырмыз. “Келді” деп жарияланса болды, соған иман келтірген боламыз. Дәджал бір күнде дүниенің бәрін шарлап шығады екен. Дүниенің бәрін бүлдіріп, “мен Құдаймын” деп өзіне сендіріп шығады екен”, - деді сопылық ілімді насихаттаушы.