"ДАИШ-та өлген адамдардың видеосын көрсетеді": Оқушыларды суицидке итермелейтін өлім ойындары туралы тың ақпарат тарады

Ең бастысы аталған топтардың барлығы дерлік қысқартылған шартты белгілерге ие. Caravan.kz медиа-порталы солардың ең кең таралған бірқатарына үңіліп көрді.

Көптеген топтар атауын Китпен байланыстырады. ("Киты умирают вечером", "Киты не плачут", "Киты плывут вверх").

Ғылымда киттердің өзін өзі жаға лақтырып жан тапсыратыны бұрыннан белгілі. Бірақ оның сырын осы күнге дейін ашылмағаны мәлім. Жасөспірімдер осындай өлім құпиясының тұңғиығына беріліп, шырмауға түседі. Соңынан сыртқы күштердің өз санасын қалай билеп алғанын аңдамай қалады.

Кейбір топар 1642 санын қолданады. Анықтап көрсек дәл осы жылы ағылшын дәрігері Томас Браун медицинада тұңғыш рет «суицид» терминін қолданған екен.

"Разбуди меня в 4:20" барлық дерлік өлім топтары таңертең дәл осы уақытты тапсырма беру үшін таңдап алған. Оның себебі адамның ең қалың ұйқы құшағында жататын кезі. Яғни тапсырма орындау кезінде үйде өзгелердің ештеңені естімей бейхабар болуы үшін таңдалуы мүмкін.

Кейбір топтар жапондық анименің НЯ сөзін қолданады . Тіпті аталған «НЯ» белгісін жекелеген тіркелушілер де өз атына қосып жазуды әдетке айналдырған. ("Ня пока,летит голова", "Ня пока". "В Аду как в Раю)

F57 – Бұл белгіні «Синий кит немесе тихий дом сияқты кейбір танымал топтар да қолданады. 2015 жылы 23 қаңтарда "ВКонтакте" әлеуметтік желісінде Ресейдің Уссурийск қаласында Рина Паленкова есімді желі қолданушысының пойыздың астына түсіп, қайтыс болған видеосы тарайды. 16 жастағы студент қыз суицид жасамас бұрын, темір жолда селфи жасап, "ня.пока" жазуымен әлеуметтік желідегі парақшасына жариялайды. Осы оқиғадан кейін интернет желісінде "Рина" және "ня.пока" сөздері жазылған мемдар мен фотосуреттер тарап кетеді. Кейіннен оқиғаны зерттеу барысында жасөспірім қыздың F57 деп аталатын топқа жазылғаны, ол топта ДАИШ лаңкестік ұйымында өлім жазасына кесілген адамдардың видеожазбалары жарияланып отырғаны анықталған. Зорлық-зомбылық сипаттағы видеолар оқушы қыздың психикасы кері әсер еткені сөзсіз. Топ әкімшілігі оқушылар мен студенттер арасында тез танымал болу үшін ойдан секта ойлап тапқан. Ал, Рина Паленкова сол "сектаның" алғашқы құрбаны болады. Дәл сол уақытта квесттік ойындардан басталып, өліммен аяқталатын "Море китов" деген ойын да пайда болып, F57 тобы назардан тыс қалады. Алайда, аталмыш топ сол жылы 8 желтоқсан күні "суицид флешмобын" ұйымдастырып, өз-өзіне қол жұмсаған адамдардың фото-видеоларын жариялай бастайды. Кейіннен ол бейнежазбалардың фейк екені анықталып, топтың "қызығы" кетіп, "мәні" жоғалады.

B64 Бұл белгі виртуалды ойындарда пайдаланылады. 2016 жылы қаңтарда белгісіз адамдар тобы интерактивті квест, ARG-ді (балама шындықтағы ойын) насихаттай бастады. Олар 2012 жылы пайда болған жұмбақ "Инсайдер" квестінің идеясының негізінде жұмыс істеген (түпнұсқа жоба туралы ешқандай мәлімет жоқ). Ойын барысында B64 арқылы кодталған жұмбақтарды шешу немесе мәтінді транскрипциялау түріндегі тапсырмалар беріліп, ресейлік "Чумной доктор" (қылмыскерлер мен полиция қызметкерлері туралы детектив жанрындағы көркемфильм) фильмінің үзінділерін көрсеткен. Ойында қатысушыларға арнайы тапсырмалар беріліп отырған. Бірақ, тапсырмалардың қандай сипатта болғаны және олардың жасөспірімдерді қаншалықты суицидке итермелегені туралы ешқандай ақпарат жоқ. Белгілісі, көп ұзамай виртуалды ойын өз жұмысын тоқтатқан.

F58 – Бұл алдыңғы F57 тобы жабылған соң атауын өзгертіп қайта ашылғандары болуы ықтимал. Белгілісі бұл топтар да балаларды азғыруымен айналысады.

#d28 — бұл атауын түсініксіз қылып өзгерткен «синий кит» тобының жалғасы

Өлім топтарының тағы бір кең таралған белгісі – көбелек (Бабочка) Әйтседе осы аттас топтарда қазір өзге тақырыптағы жазбалар қалдырылған.

Көбелектің символ етіп алынуына әдемі жәндіктің ғұмыры қысқа болуы себеп болған. Белгісіз топтар жасөспірімдерге қысқа әрі әдемі өмір сүр деген түсінікті сіңіруге тырысады. 

Қазіргі кезде осы топтарға қарсы жұмыс істеп жатқан топтар да бар. Олар қауіпті ойынға қатысушыларды райынан қайтарайық деген ұранды қолданады. (#уничтожим_игру#f57,#f58-антикиты, Мы против игр "беги или умри", синий кит и f57)

Журналист Нәзия Жоямергенқызы Facebook желісіндегі парақшасында балаларды суицидке итермелейтін жаңа ойынның шыққанын айтты.

"Суицидке итермелейді! Ата-аналар! Мына ойын қауіпті деп жатыр. Қараңдар балаларыңның телефонын. Абай болыңдар! Мен әдейі кіргем. “Үйдегі заттарды ұрла да, терезеден байқатпай шығып кет” деді бір еркек дауыс... Ересектерге ғой, әсер ете алмайды. Ал балаларға психологиялық ықпалы күшті екені анық. Соңғы жылдары балаларды машинаның астына түсуге, көпқабатты үйлерден секіруге мәжбүрлеп жатқан да осы ойын дейді. Абайлаңдар! Алла Тағала балаларымызбен сынамасын", - деп жазды ол.

Ойынның қаншалықты қауіпті екенін білу мақсатында бұл ойынды біз де ойнап көрдік. Ойынды кез келген қолданушы жазып ала алады. Жасқа шектеу жоқ. Ойын басталмай тұрып, ойындағы тапсырмалар мен іс-әрекеттің барлығы ойдан шығарылғанын, шынайы өмірде қайталауға болмайтыные ескертеді. Бірақ, психикасы әлі толық қалыптаспаған балалар бұл ескертуді толық түсінбейтіні белгілі.

Ойын басталғаннан кейін, сабағыңды оқы, терезеден қаш деген секілді тапсырмалар беріледі. Тапсырмаларды айтатын ер адамның дауысы өте жағымсыз әрі қорқынышты.

Егер, айтылған тапсырмаларды дұрыс орындамаасаң "әлсіз екенсің", "қолыңнан бар келетіні осы ма" деген секілді намысқа тиетін сөздер айтады.

Байқағанымыздай, қазіргі ойындар "синий киттегідей" нақты тапсырма бермейді. Олар пихологияға баяу бірақ үздіксіз шабуыл жасай береді. Сондықтан, ата-аналарға балалардың ұялы телефонындағы ойындардың барлығын тексеріп шығуға кеңес береміз.