ДАИШ-тың белгілі көшбасшысы 400 содырмен бірге босқын кейпіне еніп, Еуропаға кіріп кеткен

Бұл туралы Daily Мail хабарлайды.

Қазіргі таңда террористер Косоваға орнығып, мемлекеттік мекемелер мен серб проваслав шіркеулеріне шабуыл жасауға дайындалып жатқан болуы мүмкін. Сондай-ақ, содырлар Албаниядағы футбол матчы кезінде изриалдік футбол командасына да шабуыл жасауы мүмкін.

Қазіргі таңда солар болуы мүмкін деп болжанған терроршылардың ішінен 19 содыр ұсталған.

Әбу Абдулла әл-Косова атымен белгілі Мухаджери Сирияға 2012 жылы келген. Ол ДАИШ қатарындағы косовалық албаниялықтардың көшбасшысы саналады. Оны АҚШ-тың мемлекеттік департаменті 2014 жылы әлемдік террористер қатарына қосқан.