Дакар раллиде істен шыққан көлік қатарға қосылды

Түнімен көз ілмей, темір тұлпарын қалыпқа келтірген отандық команданың жігіттері бүгін Аргентинадан Чили шөліне өтті. Әзірге 28-сі орынға тұрақтаған. Айдын Рақымбаев пен Владимир Демьяненко экипажының да аяқ алысы жаман емес. Жол талғамайтын көлік мінген команда 13-ші келді. Тек «Astana Motorsports»-тың үшінші экипажы 8-ші кезеңді сәтсіз аяқтады. Денис Березовский мен Игнат Фальков мінген джиптің генераторы сынып, екі жарым сағаттары зая кеткен. Десе де,олар  раллидің соңына дейін жетуге ниетті. Аптап ыстыққа қарамастан спортшыларымыз Дакардың 9-ші күні, яғни ертең Чили шөлін де бағындырамыз деп отыр.


Артур Ардавичус,«Astana Motorsports» командасының пилоты:  

- Енді осындай апаттан кейін маған көлікті мүмкіндігінше байыппен, ақырын жүргізу қажет. Яғни, тағы бір соққы болатын болса темпір тұлпарымыз шашылып қалуы да мүмкін.