«Дакар» ралли-марафоны барысында қаза тапқан журналистердің есімі белгілі болды

51 жастағы әуесқой жүргізуші Даниэль Амброзио қаза тапты, деп хабарлады Ресейдің «Жаңалықтар» ақпарат агенттігі.

Ралли-марафонында жұмыс істеп жүрген журналистер көліктерімен Катамарка қаласынан Сан-Мигель-де-Тукуман қаласына бара жатқан. Андальгала департаментінде, "Куэста-дель-Клавильо" автожолында олардың Ford Ranger жол талғамайтын көліктері бұрылыста жолдан шығып кетіп, шыңырауға құлап кеткен. Көліктің артқы орындығында отырған фотографтар 31 жастағы Мартин Дельгадо мен 36 жастағы Родриго де Кесаде аман қалды. Қазіргі уақытта олар Сан-Мигель-де-Тукуман қаласындағы ауруханаға жатқызылды.

«Автомобиль құздан шамамен 100 метрге төмен құлдилаған. Алдыңғы орындықта отырғандар бірден мерт болды», - деп мәлім етті "Супер Ралли" журналының менеджері Франсиско Дельгадо мен тірі қалған фотограф Мартин Дельгадоның әкесі.


Кейбір ақпараттарға қарағанда, журналистік топ ралли-марафонын ұйымдастырушыларға ресми тіркелмеген.