«Самұрық-Қазына» қоры баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, басты топтастыру бойынша жүк көліктері арасындағы жарыста голландық Жерар де Рой жеңіп шықты. Екінші орынға алға озған жүйріктен 51 минут 19 секундқа қалған Ханс Стейси ие болды. Жарыстың қола жүлдегері - Ардавичустың экипажы раллидің барлық кезеңдерінде Ройға 1 сағат 47 минут 45 секудқа ұтылды.
«Дакар-2012» 1 қаңтарда Буэнос-Айрестің оңтүстігінен 80 шақырымда жерде басталды. Жарыстың бағыты Аргентина мен Чилиді және жердегі ең құрғақ саналатын - Атакама шөлін басып өтті. Марафон 15 қаңтарда Перу астанасы - Лимада мәреге жетті. Сонымен, қазақстандық «Астана» тобы «Дакар» ралли-рейдта 14 кезеңнің қорытындысы бойынша 3 орын алды.