Атап айтқанда, екінші кезеңде жүк көліктерінің арасында «Ивеко» көлігімен голландиялық Жерар де Рой бірінші келді. Екінші болып мәре сызығынан «КАМАЗ» командасынан ресейлік Эдуард Николаев өтті. Ал үшінші орында Жерар де Ройдың команда бойынша әріптесі Ханс Стейси тұғырланды.
Жалпы есепте қазақстандық команда бесінші орында келе жатыр.
«Дакар» жалпы 14 кезеңге созылған. Айта кетейік, «Астана» командасы бұл додада «КАМАЗ» көлігімен жарысқа түсіп отыр.
«Дакар-2012» жарысы биыл Аргентинадан бастау алды.