Жарыстың екінші күні спортшылар 789 шақырымдық бәсекеге шыққан. Бауыржан Исабаев пен Ғабдолла Әшімов басқарған Proto Overdrive жол талғамайтын көліктен орта жолда өрт шықты. Нәтижесінде көлік түгелдей отқа оранды, ал жүргізушілері дін аман.
Еске сала кетейік, "Дакар-2014″ жарысына Қазақстаннан барлығы 4 экипаж қатысты. Екінші кезеңнің нәтижесі бойынша, Айдын Рахымбаев пен Владимир Демьяненко басқарған көлік мәреге 31-болып жетсе, Денис Березовский мен Игнат Фальковтың көлігі 66-шы болып келді. Ал жүк көліктер сынағында Артур Адавичус, Алекесей Никижев пен Радим Каланекалардан құралған экипаж мәреге 26-шы болып жетті.