Дамаск АҚШ пен оның одақтастарының соққысына дайындалып жатыр

Сирия Әуе күштері Батыстың соққысынан қорғау мақсатында әскерилерді Дамаскідегі базалар аумағынан эвакуациялап жатыр. Бұл туралы бейсенбі күні Сирия оппозициясы өкілдеріне сілтеме жасай отырып, арабтың «әл-Арабия» телеарнасы хабарлады.


           Хабарламаға сүйенсек, қазір үш әскери база орналасқан халықаралық әуежай аумағында сап түзеген бронетехника мен жүк көліктерін көруге болады.
           Оппозиция өкілдерінің айтуынша, ел орталығындағы әскери мекемелерде де эвакуация жүріп жатыр.
           «Вашингтон пост» басылымы болса Дамаск тұрғындарының соққыға әзірленіп жатқанын хабарлады. Шаһар көшелерінде тыныштық орнаған, бейсенбі күні тұрғындардың басым бөлігі жұмысқа бармаған көрінеді.