"Дамбалына қолын салып жіберген" Ақтөбеде 74 жастағы қария ұсталды

Ақтөбеде 74 жастағы қария кішкентай қызға ерсі қылық көрсетті деген күдікке ілінді.

Қала шетіндегі Нұр-Ақтөбе ықшамауданының тұрғыны ойнап жүрген бес жасар қызды тәттімен алдап, үй қуысында аймалап отырған жерінен көршілері ұстап алған, деп хабарлады КТК.

"Мынау зорлайын деп жатыр. Дамбалына қолын салып жіберген. Чупа-чупс алып берген".

Қарттың азғын әрекетін көшеде кетіп бара жатқан көршісі мен балконда тұрған келіншек байқап қалады.

"Танысым балконнан көріпті. Ол сыртқа шыққан. Екеуінің ер адамға әлі келмейді ғой. Жан-жағыма қарадым да, таныс лифтерді шақырдым дейді. Сосын үшеуі ұстап, сол жердегі бір жігіт полиция шақырған", - дейді Ақтөбе қаласының тұрғыны Ақтоты Боташова.

Оқиға куәгерлері күдіктінің ішіп алғанын айтады. Қазір күдіктіні тергеуді бастаған.


"1945 жылы туған қала тұрғыны полиция бөлімшесіне жеткізілді. Қылмыстық кодекстің 124-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр", - деп атап өтті Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Қазір бүлдіршіннің жағдайы қалай екені белсіз. Ол туралы құзырлы органдар тіс жармай отыр. Ал ата-анасының да ешкіммен сөйлескісі жоқ.