Даму деңгейіне қарай Қазақстан аймақ елдерінен көш ілгері келеді - Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағасы

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы төрағасының атап көрсетуінше, "бұл бағыттағы қозғалыс қарқынын әр өңір өз мүмкіндіге сәйкес өз бетімен айқындауы тиіс". "Бұл бағытта бір елдің басқалардан оза шабуын күтіп отыра беруге болмайды",- деді С.Пасси.

Ұйымның қазіргі төрағасы сондай-ақ, "Болгария Қазастанды жақсы түсінеді" деп атап өтті. "Демократияны дамыту уақытты талап ететіні түсінікті",- деді ол. Оның айтуынша, осындай өзгерістерді жүзеге асыруға Болгария 14 жылды сарп еткен. "Өткен аптада Болгарияның Солтүстік Атлантикалық Альянсқа толық құқылы мүше ретінде қабылдануы арқылы өзгерістердің дұрыс бағыт ұстанғанын дәлелдедік",- деді Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы. С.Пасси Қазақстан да "дұрыс бағыт таңдады" дегенге сенім білдірді.