Қор басшысының айтуынша, қазір Қазақстанның даму банкі Мәскеу мен Ташкентте өкілдіктерін ашты. "Жылдың аяғына дейін Ұлттық инновациялық қор венчурлық қорларға қатысу арқылы Мюнхен, Бостон және Тель-Авивте өз өкілдігін ашады. Ал "Қазына" қоры "Қазинвеспен" бірлесіп Лондон мен Шанхай немесе Пекинде өкілдік ашады деп ойлаймыз",- деді Қ.Келімбетов.
"Тұжырымдаманың басты идеологиясына келсек, шетелде өкілдігін ашқан қандай да даму институты еліміздің басқа да даму институттарының тапсырмаларын орындайтын болады", деді қор басшысы.
Сонымен бірге оның айтуынша, "Қазынаның" өкілдіктері "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-ның өкілдіктері арқылы еліміздің әрбір өңірінде де ашылатын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті