«Даму» қоры бизнеске беретін несие мөлшерлемесін 8,5 пайызға дейін азайтады

 «Біз өзіміздің өндірушілерге барынша қолдау көрсетуге тырысамыз. Халықтың бір тілегі қаржының қолжетімді болуы еді. Яғни, несиенің үстемеақысын азайту керек. Мысалы, былтыр үстемақы 14 пайызды құраған. Ал биыл еліміздің барлық өңірінде жалпы сомасы 24 млрд теңге несие ресурсын бөліп, үстемақыны 8,5 пайызға дейін қысқартуды жоспарлап отырмыз»,-деді Қ.Тілеушин.

Қ.Тілеушиннің айтуынша, «Даму» қоры Еуропаның қайта құрастыру және даму банкінің тәжірибесін зерттеп, екінші деңгейлі банкттердің өтініш қарау мерзімін қысқартпақ.


«Қазір 20-30 млн теңгені құрайтын шағын несие  3-7 күнде қарастырылады. Қазірге дейін шамамен 50 жоба мақұлданды, жалпы, осы тәжірибені елдің барлық өңіріне тарату керек»,-деді ол.