«Даму» қорында кадрлық өзгерістер орын алды


Гүлзат Симтикова бас кеңседегі мониторинг департаментін басқаратын болды. 

Ал Алматы қалалық аймақтық филиалын бұған дейін «Бәйтерек» холдингінің еншілес кәсіпорындарының бірі - «ТұрғынүйЖинақҚұрылысбанкі» АҚ-ында жетекші қызметтер атқарған Андрей Романов тағайындалды, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметінен. 

Гүлзат Симтикова «Даму» қорында төрт жылдам астам қызмет атқарып келеді. Аз ғана уақыт ішінде ол «Даму» қорының Алматы қалалық филиалына кәсіби деңгейі жоғары мамандарды жинап, ұйымшыл ұжым құра алды. Осының арқасында 6 мыңнан астам Алматы тұрғындары қор ұйымдастырған түрлі шаралардың қатысушысы болды. Ал қаржылай көмек алған кәсіпорындардың саны 35-тен 450-ге жетті. 

Гүлзатты жаңа қызметте жауапкершілігі бұдан да зор міндеттер күтіп тұр. Енді ол кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуын қадағалайтын болады.
Оның орнына Алматы қалалық филиалының басшылығына Андрей Романов тағайындалды.
Андрей Романов АТФ, Ресей Жинақбанкі секілді қаржы ұйымдарында түрлі департаменттерді басқарған. ЕҚҚД банкінің Алматы филиалында қарапайым менеджерден бөлімше жетекшілігіне дейін көтерілген. Соңғы қызмет орны - «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ. 2006 жылы банк саласындағы жетістіктері үшін «Ең үздік маман» атағын жеңіп алған.