«Даму» бағдарламасы аясында кәсіпкерлердің статистикасына келетін болсақ, қаржыландырылатын әрбір төртінші жобаны әйелдер жүзеге асырады», - деді басқарма төрағасы.
Оның айтуынша, «Даму» қоры өз кәсібін енді бастап келе жатқан кәсіпкерлердің несиелерін 70%-ға дейін кепілдендіріледі. Ал алғашқы несиенің ең үлкен мөлшері 20 млн. теңгеге дейін жеткізілген.
«Біз «әйелдер кәсіпкерлігі» тақырыбында сөз қозғаған сәтте оның шағын кәсіпкерлік жайлы екенін түйсінеміз. Қазақстанда жеке кәсіпкер әйелдердің үлесі 49 пайызды құрайды. Салыстыру үшін алып қарасақ, ЖШС-ні басқаратын әйелдердің үлесі 25-ақ пайыз», - деді ол.