Олимпиада туралы ащы пікірді журналист Фазылбек Әбсаттарұлы өзінің фейсбук парақшасында білдірді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Спорт ол құрал және құрал болып қала береді. Мәселе оны кім қалай пайдаланады.
Дамыған елдер олимпиададан тек табыс табады. Ішкі туризмін дамытуға, инвестиция тартуға, инфрақұрылымын дамытуға, трансляциялар арқылы қырғын табыс табады. Ал бірақ дамыған елдер олимпиада өткізуге ақша салғысы келмейді. Сол үшін дамыған елдер өткізуден бас тартып жатады немесе шығындарын шетелдік инвестициялар арқылы өтеп алады. Қалай болғанда да дамыған елдер қалайда олимпиададан, барлығынан әрдайым табыста болады. Мемл.бюджетін халқы бақылауда ұстап отырған олар бос шығындарға шашқызбайды...
Дамымаған елдерде бәрі керісінше. Беделді шараларды өткізуге құмар. Пара беріп, елінде өткізуге тырысады. Шығындарын елдің бюджетінен төлейді. Спорттағы әрбір жетістікті елдің дамуы деп көрсетеді. Күш қайраты, айбары деп көрсетеді. Және халқы солай қабылдайды. Ал саясатшылары үшін өзінің билігін нығайтуға таптырмас құралы, елдегі проблемларды ұмыттыру, олимпиада арқылы уақыша "бақыт сезімін" сыйлатып қойып. Сол үшін де олар дамымайды.
Дамымаған елдердің спорттағы жетістіктерінің өтірік немесе жалған екендігіне: сол спорттан ішкі нарық қалыптастыра алмағаны нақты дәлел.
Хоккейден Канада, баскетбол, бокстан АҚШ, футболдан Еуропа, теннистен Англия, тб. нарық қалыптастырып, бүкіл критерийлер бойынша миллиардтық айналым жасаған.
Ал дамымаған елдер бүкіл критерийлерде жай ғана тұтынушы.
"Біз қайсысына жататынымызды мен жазбасам да білетін шығарсыздар", - деді журналист.