Даңқты балуан Дәулет Тұрлыхановтың ағасы Қайрат Тұрлыханов өмірден озды

Бұл туралы Қазақстанның ауыр атлетикасы федерациясының ресми сайтында хабарланды, деп жазды Caravan.kz.

" Еліміздің ауыр атлетика федерациясының құрметті президенті, Азия ауыр атлетика федерацияның атқарушы комитетінің мүшесі, белгілі қоғам қайраткері Қайрат Тұрлыханов өмірден өтті. Ауыр атлетика федерациясы Қайрат Болатұлының отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтады" , - деп жазылған хабарламада.

Еске салсақ, Қайрат Тұрлыханов даңқты балуан Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Дәулет Тұрлыхановтың ағасы болып табылады.