Онда институттың штат, факультет және кафедралардың бөлім, жеке құрамдары мұғалімдерінен құралған «Аманат», «Қаһарман», «Намыс» командалары өзара сайысқа түсті. 6 кезеңнен тұратын сайыс Б. Момышұлының өмірі мен шығармашылығы бойынша өтті. Онда түрлі сұрақтарға жауап беріліп, батырдың өмірінен шағын театрландырылған көріністер көрсетілді. Шара қазақ және орыс тілдерінде өтті.
«Біздің мұғалімдердің бүгінгі сайысы бізді қуантады. Мұнда қазақ халқының батыры Б. Момышұлының есімі кеңінен дәріптелді. Алдағы уақытта осы қатысушылардың еңбектерін елеп, марапат жасауға институт басшылығына ұсыныс жасаймыз», деді институт полковнигі Владимир Досаев.
Шара барысында, сондай-ақ, Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының студенттері де өнер көрсетті.