Даниал Ахметов Астананың орталық алаңындағы құрылыс жұмыстарының бәсең жүріп жатқанына қынжылыс білдірді

Премьер-министр орталық алаңда және оған жалға аумақта жүріп жатқан жұмыстар барысымен танысты. Даниал Ахметов алаңдағы құрылыс жұмыстары технологиялық өте күрделі жобаға негізделгенін атап өтті. Сондықтан оның пікірінше, орталық алаң - архитектуралық кешеннің әсемдігі мен сән-салтанатын паш етуі тиіс. Үкімет басшысы мердігерлерге аса жауапты учаскелерге жоғары білікті мамандарды жіберіп, әрлеу жұмыстарын сапалы жүргізуді тапсырды.

Сонымен қатар, Даниал Ахметов құрылыс жұмыстарының бәсең жүріп жатқанына қынжылыс білдірді. Үкімет басшысы қалалық билік өкілдеріне архитектуралық ансамбльді мерзімінде аяқтау үшін қосымша шараларды жүзеге асыру туралы нақты міндеттер жүктеді. Атап айтқанда, ол құрылысты салып жатқан кәсіпорындар жұмысты тәулік бойы жалғастыруы керектігін атап өтті.