Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл ақпаратты Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Massaget.kz тілшісіне растаған.
"Өткен жылғы Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес Даниал Ахметовтің әкім ретінде құзыреті 15 маусым күні аяқталады", - дейді Руслан Желдібай.
Еске салайық, былтыр 11 маусымда Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Даниал Ахметовтің өкілеттігі бір жылға ұзарғанын хабарлаған болатын.
Айта кетейік, Даниал Ахметов 1954 жылы 15 маусымда Павлодарда дүниеге келген.