Даниал Ахметовтің "Семипалатинск емес, Семей" деп ескерту жасағанына жұрт риза болды

Сол жиындардың бірінде оның аталған қаланың қазір Семипалатинск емес, Семей екенін ескертіп айтқанын көрсететін видео Фейсбукта жарияланды, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.

Шағын бейнероликте Даниал Ахметов сөйлеп тұрған бір кісіден "Сіз қайда тұрасыз?" деп сұрайды. Сонда әлгі адам "Семипалатинскіде тұрамын" деп жауап береді. Ал облыс әікмі оған: "Сіз Семейде тұрасыз. Бұл - маңызды нәрсе. Сіз Семей қаласында тұрасыз. Семей қаласында тұратыныңызды ұмытпаңыз. Бұл маңызды" деп бірнеше рет қайталап айтқан.