Тек өздеріне шамамен мың жарым доллар алып қалуларына рұқсат беріліп отыр. Алайда құқық қорғаушылар үкіметтің бұл шешімін қатаң сынға алуда. Өйткені босқындар туралы жаңа заң Біріккен Ұлттар Ұйымының бірқатар конвенциясына қайшы. Соған қарамастан аталмыш құқықтық құжат қабылданды. Осылайша Дания билігі Еуропаға мыңдап ағылған босқындар легінен іргесін аулақ салудың тың тәсілін тақан сыңайлы.
Ингер
Стейнберг, Данияның интеграция және иммиграция министрі:
-Біз босқындарға көмек көрсету үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Бірақ бүгін олардың санын азайту мақсатында осы қадамға барып отырмыз.
Loading...