Дания Тілеумбетова бодибилдинг бойынша әлем чемпионы атанды

Аталған спорт түрі тарихында тұңғыш рет отандық спортшымыз әлем чемпионатында құрмет тұғырының жоғарғы сатысына көтерілді. Мұндай айтулы жетістікке «Модель-физик» санатында Дания Тілеумбетова қол жеткізді. Ол жартылай финалды оңай еңсеріп, бес финалистің қатарына енді. Ал финалда алдына жан салған жоқ.

Дания қыркүйек айында Вьетнамда Азия чемпионатын жеңіп алған. Спортшы Алматыда тұрады, жұмысы да сонда. «Фитнес-блиц» фитнес клубында жаттығады.