Данияда шұжықтан уланған 12 адам қайтыс болды

    12 адам қайтыс болғанын мәлімдеді, деп Би-би-си хабарлады.

Данияның азық-түлік, ауылшаруашылық және балық аулау министрлігі еттен қауіпті бактерия – листерия барын анықтағаннан кейін Копенгаген шетінде орналасқан шағын ет фабрикасын жауып, бүкіл өнімін тәркілеуге нұсқау берді.

Былтыр қыркүйектен бастап елде листеризге қатысты жиырма оқиға тіркелгенін айтады. Соңғы екі айда бұл індетке 15 адам шалдыққан.


Листерия адам өліміне әкелуі мүмкін, ол әсіресе балаларға, иммундық жүйесі әлсіз адамдарға қауіпті.