Даниял Ахметов құрылысты созып жіберген кәсіпкерді сотпен қорқытты

Даниал Ахметов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

-Сіздер үлкен жауапкершілікті арқаладыңыздар. Енді оны орындау керек. Мәселе орнынан қозғалады деп сенемін. Болмаса, басқа органдарға жауап беретін боласыздар.

Ғимаратта әрлеу жұмыстары әлі аяқталмаған. Энергиямен қамту мәселесі де шешілмепті. Тіпті аса қауіпті сұйық радиоактивті қалдықтарды жинау мен сақтау жағы да қарастырылмаған. Соның кесірінен қыруар қаржыға сатып алынған заманауи аппараттар да қаңтарылып тұр. Тіпті, осы жаңа техниканың тілін үйренуге шетелге мамандар жіберіліп, біліктілігін арттырған екен. Олқылықтарды жоюға Даниал Ахметов бір ай уақыт берді. Ал тапсырманың орындалуын тексеруге он күннен соң тағы келем деп кетті. 

Loading...