Данияр Елеусінов алғаш рет екінші әйелін көрсетті

Бұған дейін спортшы екінші рет шаңырақ көтергенін айтқан еді.

Сүйіктісімен қыдырып жүрген сәтін Елеусінов instagram желісіндегі парақшасына жариялаған.

"Жексенбілік кеш! Демалыс күні керемет өтті! Ертең дайындықты жалғастырамыз", - деп жазды Данияр Елеусінов.

Спортшы екінші рет шаңырақ көтеріп, қазіргі таңда Пайғамбардың құрметіне орай Мұхаммед деген ұлы бар.

Елеусінов осыған дейін бірінші некесінен туған ұлымен де кездесіп тұратынын айтқан еді.