Данияр Елеусінов бесінші қарсыласын да нокаутқа түсірді

 Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (4-0, 2 КО) Монте-Карлодағы (Монако) бокс кеші аясында никарагуалық Маркос Мохикамен жекпе-жек өткізді.

Жекпе-жек сегіз раундқа есептелген болатын, бірақ мерзімінен бұрын аяқталды: Елеусінов үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті, деп хабарладыsports.kz.

Нокаут пен жеке-жектің толық видеосын назарларыңызға ұсынамыз.

Loading...

Осылайша, Данияр кәсіпқой бокстағы бесінші жеңісіне қол жеткізді, оның үшеуін мерзімінен бұрын аяқтады.Бұған дейін қазақ боксшысы америкалық Ноа Кидті (3-1-1, 2 КО) үшінші раундта, тағы бір АҚШ өкілі Мэтт Доэртиді (8-6-1, 4 КО) бірінші раундта техникалық нокаутпен ұтқан болатын.