Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы екінші жеңісін тойлады

Бір қызығы Золтан Шабо 5 күн бұрын ғана жекпе-жек өткізіп, өз елінде жеңіске жеткен екен. Ал Данияр болса Лондонда өзге бір венгр боксшысы Габор Горбичпен жұдырықтасуы тиіс еді. Алайда ол кездесуге бірер күн қалғанда жарақат алып қалды.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін 28 сәуір күні өткізді. Нью-Йоркте өткен бокс кешінде америкалық боксшы Ноа Кидті 3 раундта техникалық нокаутпен ұтты.

Қазақстандық боксшы келесі кездесуін қашан өткізетіні де белгілі болды. 28 шілде күні Лондонда аса ауыр салмақта британдық Диллиан Уайт пен кубалықЛуис Ортис жұдырықтасады. Данияр осы бокс кешінің андеркартында шаршы алаңға шығады. Қарсыласы алдағы уақытта анықталатын болады.

 

Оқи отырыңыз:

Головкин әлем чемпионы белдігінен айырылды