Данияр Елеусінов қазақстандық жанкүйерлерімен қоштасты

Айта кетейік, 12 қаңтар күні Даниярдың кәсіпқой боксқа ауысқаны белгілі болған еді. Ол кейін өз жаттығуларын АҚШ-та өткізіп, жекпе-жектерінің басым бөлігі Қытайда өтетінін хабарлаған.

Елеусінов австралиялық MJA Entertainment промоутерлік компаниясымен келісімге келген. Компания басшысы Майк Алтамурдың айтуынша, Данияр алғашқы жекпе-жегін мамыр айында өткізуі тиіс. Алайда, оның қарсыласы әлі анықталған жоқ.