Данияр Елеусіновтің жекпе-жегі тікелей эфирде көрсетіледі

13 қыркүйек күні бокстан Олимипиада ойындарының чемпионы Данияр Елеусіновтің сегізінші жекпе-жегі өтеді.


Айқас Нью-Йорктегі танымал Madison Square Garden аренасында ұйымдастырылады. Ал жерлесіміздің қарсыласы – америкалық Решард Хикс. Жартылай орта салмақта 10 раундқа жоспарланған кездесуді «Хабар» арнасының тікелей эфирінен тамашалауға болады. Жекпе-жек елорда уақытымен 14 қыркүйек (сенбі) сағат 06:00 – 08:00 аралығында көрсетіледі.