Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Біз есептеулер жүргіздік. ҚҚС қазіргі жағдайында салық салудың тиімді мөлшерлемесі 2-ден 3 пайызға дейінгі мөлшерді құрайды. Қазір сіздер сұрап отырған медициналық қызметтер қаншалықты қымбаттауы мүмкін дегенге келсек, біз 5 пайызға дейінгі дәліз туралы айтамыз, - деп жауап берді ведомство басшысы.
Айтуынша, тегін медициналық көмектің кепілді көлемі мен міндетті әлеуметтік сақтандыру пакеті арқылы көрсетілетін медициналық қызметтер ҚҚС-дан толықтай босатылады. Қалған санаттар үшін жоғарылау кезеңдеп: 5-тен 10 пайызға дейін болады.
Сондай-ақ ведомство басшысы ҚҚС-дан толықтай босатылатын тағы бір факторды атады.
Тағы бір маңызды фактор – көтерме-бөлшек сегментте сатылатын өмірлік маңызды дәрілік препараттарды ҚҚС-дан толықтай босату. Олардың тізімін уәкілетті орган анықтайды. Бұл жұмысты біз қазір жүргізіп жатырмыз және осы тізімге шығарамыз, - деді министр.