Ал аудан басшысы Аманғали Бердалинмен аты аталған орынбасар Жақсылық Қасымов өздеріне шаң жуытпай, тіпті хатты марқұмның өзі жазды дегенге күмән келтірген-ді. Алайда, сараптама қорытындысы хат авторы марқұмның өзі екенін дәлелдеп отыр. Енді ұзаққа созылған сараптамадан кейін, қос күдікті қайта тергеуге алынатын болды.
Маратбек Мырзамұратов, Ақтөбе облыстық прокуратурасының басқарма бастығы :
-Өзін-өзі өлтіру фактісіне қатысы бар-ау деген адамдарды бәрін сұрау жұмыстары аяқталғанан кейін психикалық сараптаманы тағайындайды. Оны Алматы қаласына жолдау жөнінде шешім қабылданып отыр. Айтатын болсақ, қолхат бойынша ол өзі жазған деген қортындыға келдік.