Гүлнар Ықсанова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Мемлекет дәрі-дәрмекпен қамту ісіне және елдің демографиялық өсіміне кері әсер беретін ауруларды азайтуға баса көңіл бөліп отыр. Оның үстіне келер жылы міндетті медициналық сақтандыру басталады. Жалпы жаңа бағдарлама бойынша министрліктің жоспарларын жан-жақты талқылаймыз. Бұл бір күннің жұмысы емес. Дегенмен қазір медициналық қызметке қолжетімділікті арттыруымыз қажет.
Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің орынбасары:
- Болашақта смартфондар кең қолданыста болады деп ойлаймыз. Яғни мобильді қосымша арқылы кез келген емделуші өз-өзін қабылдауға жаза алады. Тиісті емдеу мекемесіндегі кезекті қарап, қалауынша оған тіркеледі. Сондықтан қазір бізде ІТ-мамандарға сұраныс жоғары.